«Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 295 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 157 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 295 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29862 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) географиялық цифрлық жүйе (бұдан әрі - ГЦЖ) - Жер туралы, жер бетінің объектілері, табиғи, техногендік және қоғамдық процестер туралы кеңістіктік ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды, модельдеуді, сақтауды, таратуды және өзгеше пайдалануды қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;»;
2-тармақтың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесі (бұдан әрі - ЖМБМК ЦЖ) - жүргізу тәртібі Кодексте және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын цифрлық жүйе.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10147 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қағидаларының 9-тармағына сәйкес жер-кадастрлық карталар Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрының (бұдан әрі - Кадастр) картографиялық негізі болып табылады.